ЗОР ЖЕТІСТІК - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының
Республикалық кезеңінде
10 «Б» сынып оқушысы Баяхметова Жұлдыз
Тіл білімі секциясы бойынша
ІІ орын иегері атанды.
Бұл - бірнеше іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан көрінген үлкен жеңіс! Республиканың ең мықты жас зерттеушілері арасынан жүлделі орын алу - қажырлы еңбек пен терең білімнің нәтижесі.
Ғылыми жетекшісі - Скендирова Гүлбейне Айтбаевна.
Ұстаздың бағыт-бағдары мен кәсіби шеберлігінің арқасында шәкірті биік белесті бағындырды.
Жұлдызға ғылым жолында жаңа табыстар, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!
Жетекшісіне шығармашылық табыс пен еңбегінің жемісін көре беруіне тілектеспіз!
Мектебіміздің мәртебесін асқақтатқан жеңістеріңіз құтты болсын!

