Оның құрамдас бөліктері мен сипаттамалары» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.Кездесу барысында оқушыларға репродуктивті денсаулық және оның негізгі құрамдас бөліктері туралы түсінік беріліп, қауіпсіз мінез-құлық, жыныстық тәрбие мен жеке шекараны сақтау, репродуктивті және жыныстық денсаулықты қорғау, инфекциялардың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қозғалды.Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық туралы сауаттылығын арттыру, жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауға бағыттау.

