Мектебімізде 9-10-сыныптардың қыз балалары арасында медицина маманының қатысуымен репродуктивті денсаулықты сақтау және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.Кездесу барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасы, репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке шекара мен қауіпсіз мінез-құлық, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпарат берілді.Медицина маманы жасөспірімдер үшін өзекті мәселелерге тоқталып, денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру.

