Бүгін, 22 қыркүйек күні 8-сынып оқушылары Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі, алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері, сынап төгілген кездегі балалардың әрекеті және дүрбелең жағдайында өзін-өзі құтқару» тақырыбындағы интерактивті сабаққа қатысты.Сабақ барысында оқушылар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, өрт қауіпсіздігін сақтау және өз өмірін қорғау бойынша маңызды ақпарат алды. Қауіпсіздік ережелерін білу — әр адамның өмірін сақтаудың маңызды қадамы!

