Біздің оқушылар «Жасанды интеллект» бағыты бойынша
«Дыбыс әсерлерін жасанды интеллект көмегімен жасау» тақырыбында өз жобаларын сәтті қорғады
Жоба барысында оқушылар:
- Дыбыс әсерлері қайда қолданылатынын білді
- Табиғи және жасанды дыбыстарды ажыратуды үйренді
- Жасанды интеллект арқылы жаңбыр, жел, орман, ғарыш дыбыстарын жасап көрді
- Өздері жасаған дыбыстарды ертегі мен шағын бейнероликтерге қосты
Жасанды интеллект балалар үшін тек ойын құралы емес, шығармашылық көмекшіге айналды. Оқушылар дыбысты жай тыңдаушы емес, дыбыс жасаушы бола алатынын түсінді.
Жоба оқушылардың:
цифрлық сауаттылығын
шығармашылық қабілетін
зерттеушілік дағдысын дамытуға үлкен әсер етті.
Ең қызығы - балалар өз қолымен жасаған дыбыстарын естігенде ерекше қуанды! Бұл олардың технологияға деген қызығушылығын одан әрі арттырды.
Осындай жобалар арқылы біз болашақтың цифрлық сауатты, креативті, өнертапқыш ұрпағын тәрбиелеп келеміз!

