«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының қалалық сырттай кезеңінде мектебіміздің «Зерттеушілер» атты оқушылардың мектептік ғылыми қоғамы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ғылыми ізденіске деген құштарлықтары мен жүйелі жұмыстарының нәтижесінде «Зерттеушілер» ғылыми қоғамы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл – жас зерттеушілеріміз бен жетекшілерінің табанды еңбегінің жемісі. Мектебіміздің мерейін үстем еткен оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде толағай табыстар тілейміз!


