Бүгін Қостанай облысының орталық алаңдарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанадағы әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтіп жатыр.
Ауа райының бұлтты және сәл жауын - шашынды болуына қарамастан, қала тұрғындары отбасыларымен және достарымен бірге парадты тамашалап, ерлерді еске алу үшін жиналды.
Астанадағы парадқа Қостанай облысынан делегация да қатысуда. Құрметті қонақтар қатарында - 99 жастағы Қасымхан Алдабергенов пен 97 жастағы Леонид Дячков бар.
Атмосфера жылы әрі салтанатты - адамдар әсерлерімен бөлісіп, суретке түсіп, осындай маңызды оқиғаның бір бөлігі болғанына қуанып жатыр.