Үлкен жаңалық! Қостанай ауданы білім бөлімінің №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде – Келешек мектебінде – «MediaLab» студиясының алғашқы подкасты жарық көрді. Бұл — біздің шығармашылық жолымыздың бастамасы ғана.
Дебюттік шығарылымның тақырыбы: «Жас педагог пен тәлімгердің кәсіби кездесуі».
Подкаст барысында жұмыс жолын жаңа бастаған мұғалімге қолдаудың маңызы, тәлімгерліктің кәсіби сенімділік пен дағдыларды қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ ұстаздарымыздың шынайы тәжірибесінен алынған шабытты оқиғалар талқыланды
Бұл подкаст — бастамашыл оқушылардың, жас педагогтардың және талантты тәлімгерлеріміздің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз «Медиалаб» студиясын әр ой еркін айтылатын, үйренуге, бөлісуге және шабыттануға арналған орталыққа айналдыруды мақсат етеміз.

