5-20 желтоқсан аралығында Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде «SMART - педагог: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбында мектепішілік әдістемелік жұмыстар өткізілуде. Бұл негізінен жас мамандарға педагог мамандығының бағыт-бағдарына жол көрсету, жастардың үздіксіз дамуына, шығармашылықтың биік шыңына жетелеу мақсатында өтіп жатыр. Бүгін мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі, жас маман Сайдан Аяжан Ғабитқызы "Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары" тақырыбында шеберлік сағатын жоғары деңгейде өткізді. Аяжан заманауи технологияның қыры мен сырын керемет меңгеріп алғандығын дәлелдеді. Әріптестеріне сабақтағы кері байланыстың ұтымды, тиімді тұстарын қалай қолдануға болатындығын шеберлікпен көрсете білді. Қазіргі заман талабына сай АКТ- технологиясын меңгерген заманауи жастарымыздың болашағы жарқын болсын!
Іс-шараны ұйымдастырушы директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші Ергалиева М. А., «Жас маман» мектебінің жетекшісі, педагог-зерттеуші Маженова Л.Т.