Бүгін 8 «Ә» сыныбында «Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша «Линзалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линза формуласы» тақырыбында ерекше ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар:
линзалардың түрлерін (жинағыш және шашыратқыш) ажыратты
линзаның оптикалық күшін анықтап, өлшем бірліктерімен жұмыс жасады
жұқа линза формуласын қолданып есептер шығарды
тәжірибе арқылы фокустық қашықтықты анықтады
Сабақта теория мен практика ұштастырылды:
Эксперименттер арқылы жарықтың сыну құбылысы зерттелді
Симуляциялар көмегімен кескіннің қалай пайда болатыны талданды
Контекстік есептер арқылы фотоаппараттың жұмыс принципі қарастырылды
Цифрлық және интерактивті құралдар қолданылды:
PhET симуляторы – линзадағы кескіндерді модельдеу
Wordwall – бекіту тапсырмалары
Mentimeter – кері байланыс
Оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы белсенділік танытып, тәжірибе жасап, өз ойларын дәлелдей білді.
Сабақтың басты құндылығы – еңбекқорлық, зерттеушілік дағды және кәсіби біліктілікті дамыту.
Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс!

