Көшбасшылық және командалық басқару: жаңа басқару дағдылары
Қостанай қаласындағы білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған тәжірибелік бағыттағы қалалық тренинг
30 қазан 2025 жылы
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте өтті.
Тренингтің мақсаты-мектеп басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыру, стратегиялық ойлау қабілетін дамыту және команда жұмысын нәтижеге бағыттайтын тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шараны әдістемелік кабинетінің аға әдіскері Бектурғанова А.С. ашып, көшбасшының мақсат қою және бағыт анықтаудағы рөлін айқындады.
№9 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Байкадамова А.С. тренингтің мазмұндық бөлімдерін өткізді:
-«Көшбасшының ойлау формуласы» тақырыбында интерактивті талқылау ұйымдастырып, заманауи басшының ойлау моделі мен шешім қабылдау тетіктерін көрсетті;
-«Делегирлеу мәдениеті: бірге басқару өнері» бөлімінде практикалық тапсырмалар арқылы командадағы сенім мен жауапкершілікті арттыру жолдарын ұсынды;
-қорытындыда қатысушылармен бірге чек-лист және рефлексия парағы негізінде жеке басқару жоспарының жобасын әзірледі.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәуекелова Ш.М. Management Style Check диагностикалық тапсырмасы арқылы қатысушылардың басқару стилін анықтап, тиімді тәсілдермен бөлісті.
Баймолдина А.Б. «Case Battle» форматында нақты мектеп жағдайларын талқылап, басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесін ұсынды.
Ал директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Скендирова Г.А. «Мотивация коды: адамды жүрекпен басқару» тақырыбында эмоциялық интеллект пен адами қарым-қатынастың басшылықтағы маңызын ерекше атап өтті.
Бұл тренинг-заманауи мектеп көшбасшыларының кәсіби дамуына, серіктестік пен бірлік мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.

