Ғ. Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектебінде 20–24 сәуір аралығында өтетін «МИФ» (математика, информатика, физика) апталығы өз бастауын алды.
Апталықтың басты тақырыбы — «Заман талабы, сандық сауаттылық». Бұл білім алушылардың заманауи технологияларды меңгеріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шара.
Апта бойы оқушыларды түрлі ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, сондай-ақ көңілді үзілістер мен танымдық ойындар күтеді. Әр күн қызықты әрі мазмұнды бағдарламамен ерекшеленіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осындай ауқымды іс-шаралар арқылы оқушылар өз білімдерін шыңдап, жаңа жетістіктерге қадам жасайды
Баршаңызды «МИФ» апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!

