«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Заң мен тәртіп жолында бірге» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау саласының, төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдері және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен дін саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері қарастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдерді тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерінде отбасы, мектеп және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру.

