Конституция, құқықтық мәдениет және «Заң мен тәртіп» қағидаты Мемлекеттік рәміздер күніне арналған форум аясында ұйымдастырылған диалог алаңының басты тақырыптарына айналды.
Қостанай облысында депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар мен қоғам белсенділері бір алаңда бас қосты. Қатысушылар заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы жауапкершілікті нығайту мәселелерін талқылады.
Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөліне, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге, Конституцияға және ел заңдарына құрметпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Форум әрбір азамат үшін өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік берген ашық диалог алаңына айналды.

