МИФ апталығы аясында 5–6 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті!
Сайыс барысында оқушылар Математика, Информатика және Жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау, жылдамдық және тапқырлықтарын дәлелдеді.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, әртүрлі қызықты тапсырмалар орындады.
Әр оқушы белсенділік танытып, білімге деген құштарлығын көрсетті.
Нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді!
Осындай іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жан-жақты дамуына ықпал етеді

