4- сыныптар арасында әдебиеттік оқу сабағынан Алматыкітап баспасының TopIQ білім беру платформасын қолдана отырып М. Әуезовтың «Күзгі құс керуені» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер, «Flippity.net», «Wordwall.net» cайттары мен «Jamboard» тақтасы пайдаланды. Топтық, ұжымдық және жеке жұмыстары жүргізілді. Сабақты 4 сынып жетекшілері Жакаева А.Б. Доснова Г.Н. Валиева М.К. Оспанова М.С. ұйымдастырды.