8-9 сынып оқушыларына «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарын полиция лейтенанты Каракузиева З.М. және полиция капитаны Нұртазин Б.С. өткізді.
Кездесу барысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берудің салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, жалған ақпарат таратпау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

