"Таза Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және екі айлық санитарлық тазарту аясында Қостанайда кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
23 сәуірде өткізілген шараға 500-ден астам адам қатысты.
Сенбілік барысында қаланың көшелері, алаңдары мен аулалары тазартылып, қоқыс пен құрғақ жапырақтар жиналды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдары мен жасыл желектер ретке келтірілді. Қала тұрғындарын, бизнес, ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдерін абаттандыру жұмыстарын қолдауға және іргелес аумақтарда тәртіп орнатуға өз үлестерін қосуға шақырамыз.Қостанайдың тазалығы барша тұрғындардың ортақ қатысуы мен бірлескен қамқорлығына байланысты.

