Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Тарих-география апталығына орай сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылып, ол Ғылым күнімен байланыстырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарих пен география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, олардың білімін кеңейтіп, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болды.

Шара барысында оқушылар түрлі викториналарға қатысып, тарихи оқиғалар мен географиялық нысандар туралы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өзара пікір алмасып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Ғылым күніне орай белгілі ғалымдар туралы мәліметтер ұсынылып, олардың ғылымға қосқан үлестері талқыланды.

Іс-шара өте қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, жаңа мәліметтер алды. Осындай шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді.