Педагог күнделігі
Бүгін 4 «А» сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен «Тұсау кесер» жырымен таныстық.
Мақсат:
- Тұсау кесу дәстүрінің мәнін білу
- Тұрмыс - салт жырларының тәрбиелік мағынасын түсіну
Құндылық: Ұлттық мүдде.
Ұлттық мұра мен мәдениетті құрметтеу.
Сабақта:
• Ала жіптің сыры
• Ұл мен қыз тұсауының айырмашылығы
• Бұрынғы және қазіргі тұсау кесу түрлері талқыланды.
Балалар дәстүрдің - мәдениеттің негізі екенін атап өтті.
Сабақты Жазира Байырбекованың «Тұсау кесер» әнімен аяқтадық.
4 «А» сынып жетекшісі:
Нуржанова Жанат Турсынбаевна

