“Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы” атты педагогикалық әдеп сабағы жүргізілді. Әдеп сабағының мақсаты: мұғалімдерге педагогикалық әдеп пен ережелерін еске түсіріп, іс тәжірибе барысында көрсете білу; Педагогикалық әдеп кеңесі мектебімізде тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мектебіміздің Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Назгүл Әлібекқызы. Педагогикалық әдепте сәлемдесу тренингі жүргізілді. Сонымен бірге киім кию әдебі, шаш үлгісі , киімнің түсіне дейін таңдалып, презентация арқылы қатысушылар көрсете білді. Сабақ беру барысында жақсы сөз сөйлей білу өнері, қимыл қозғалыс арқылы жұмыс жасау жүйесіне тоқталды. Әл-Фарабидің «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деген пікірімен, қазіргі заманауи мұғалімге қойылатын талаптар сәйкес келетіндігі талданды. “Жүректен жүрекке” атты тренингпен ұздардардың тілегімен кері байланыс жасалды.