Әр күнімізді біліммен өрнектеп, өмірімізге бағыт беріп жүрген ұстаздарымызға бас иеміз.
Сіздер - біз үшін тек пән мұғалімі ғана емес, үлгі болатын тұлғасыздар.
Әрбір табысты қадамымыздың артында Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр.
Ұстаз - шәкірт жүрегіне сенім ұялататын, қайсарлыққа баулитын, болашаққа жол ашатын дара жан.
Бүгінгі күніміз бен ертеңгі болашағымыз Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі екені даусыз.
Ұстаз еңбегінің бағасы - шәкірттің жетістігі.

