Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұстаз еңбегін ұлықтап, білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ұлағатты жандарға арналған мерекелік концерт өтті.Кеш барысында шәкірттер ұстаздарына деген ыстық ықыласын әнмен, бимен, жүрекжарды тілектерімен жеткізді.