«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Startup» байқауында 9–11 сынып оқушылары өздерінің тың идеяларын ұсынды. Бұл байқау — жас буынның креативті ойы мен іскерлік қабілетін шыңдайтын маңызды алаң.
Қатысушылар заманауи талаптарға сай жобаларын қорғап, кәсіпкерлікке деген қызығушылықтарын, жауапкершілік пен жаңашылдыққа ұмтылысын айқын көрсетті. Әрбір жоба – болашаққа жасалған нық қадам, табандылық пен еңбектің жемісі.

