Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

📚 “Шын жүректен кітап сыйла” челенджіне қатысуға шақырамыз! 📚

Құрметті оқушылар, ата - аналар және ұстаздар!

Баршаңызды “Шын жүректен кітап сыйла” атты игі челенджге қатысуға шақырамыз! Бұл бастаманың мақсаты - кітап оқу мәдениетін насихаттау, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру және білім алуға ынталандыру.

✅ Сіз де өзіңіздің сүйікті немесе пайдалы деп санаған бір кітабыңызды мектеп кітапханасына, досыңызға немесе мұқтаж оқушыларға сыйлай аласыз.
✅ Әрбір сыйланған кітап - жаңа білімнің бастауы, болашаққа жасалған үлкен қадам!
✅ Кітап сыйлау арқылы сіз біреуге шынайы қуаныш пен шабыт сыйлайсыз!

💡 Қалай қатысуға болады?
1️⃣ Өзіңіз оқыған және басқаларға пайдалы болатын кітапты таңдаңыз.
2️⃣ Оны мектеп кітапханасына немесе арнайы ұйымдастырылған кітап жинау алаңына әкеліңіз. Қабылдау мерзімі: 14.02.2025 Қабылдау орны: Мектеп кітапханасы