Ерекше білімді қажет ететін балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Осыған орай 13.02 күні мектебімізде “Шекарасыз балалық шақ” апталығы аясында өткен апталық жоспарына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың танымдық қызығушылығы және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын және қазақ тілі сабақтарының кіріктірілумен “Қызық екен” интеллектуалды сайыс сабағы өтті. Сабақтың артықшылығы: Топта ойын-тапсырмалар арқылы баланың қызығушылықтары артады;
Өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, шешуі қиын шиеленісті жағдайдың дұрыс жолын табуға әдеттенеді;
Тиімді жақтары:
Педагог пен бала арасында рухани шынайы қарым-қатынас орнауы;
Бала ойын ашық , еркін , ерікті түрде айтуы, тілдік қарым-қатынастың дамуы;
Сондықтан әлеуметтік өмір шеңберінде басқа балалармен тең құқылы өмір сүрулеріне жағдай жасау үшін ұрпақ бойына адами құндылықтарды сіңіріп, тәрбие өлшемдеріне сыйластық ниетпен қарап , осы арқылы жаңа технологияларды игерген үйлесімді болашақ тұлғаны қалыптастыру біздің басты міндеттіміз.