Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Сәлем мектеп – бұл мен!» 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісі туралы педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу отырысы өткізілді.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қыркүйек – желтоқсан айларының арасында 1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңін зерделеу жұмысы жүргізілді. Мақсаты бейімделу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып бірінші сыныптағы оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, мектепке бейімделуіне жағдай жасау. Төмендегі мәселелер қаралды: бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу, логопункке қатысатын оқушылардың тіл кемістіктерін түзету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі (логопед Джусупбекова А.Т.), оқыту процесінде бейімделуге кедергі келтіретін жағдайлар және оқушыларға әдістемелік көмек ұйымдастыру, оның нәтижесі (Жакаева А.Б., Досанова Г.Н., Ергалиева М.А., Валиева М.К.). Бірінші сынып оқушыларымен психолог, логопед жоспар бойынша жұмыс жасап отырды. Психолог тарапынан сынып ішінде бейімделу қиындықтарын көрсететін баланың эмоционалды қолайсыз жағдайы, қауіпсіз әлеуметтік-психологиялық ұстаным (оқушылар жанында өзін көреді), қауіпсіз әлеуметтік-психологиялық ұстаным (мұғалім жанында өзін көреді), ойын позициясын анықтау жүргізілді. Ал логопед тарапынан логопедиялық тексеру жүргізіліп 33 оқушының 11 тіл олқылықтары дұрысталды. Қалған оқушылармен жұмыс жалғасады. Оқушылардың мектепке бейімделуі 1а, 1ә, 1б, 1в сыныптарында қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.