Қостанай қаласы білім бөлімі 2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты - табысты болашақтың негізі» тақырыбында республикалық Бірыңғай сабақ өткізілетінін хабарлайды.
Сабақтың мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ мектеп оқушыларының физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызы туралы хабардарлығын арттыру.
Осыған байланысты, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 7 сәуірде барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып (1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар) «Салауатты өмір салты - табысты болашақтың негізі» тақырыбында республикалық Бірыңғай сабақты сынып сағаты форматында өткізуді қамтамасыз ету қажет.
Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты (қатысушылар қамтылуы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сілтемелер) ағымдағы жылғы 8 сәуірге дейін жолдау қажет.
Қосымша:
- Салауатты өмір салты бойынша Бірыңғай сабақты өткізу тұжырымдамасы;
- 5–8 сынып оқушыларына арналған сабақ сценарийінің жобасы;
- 9-11 сынып оқушыларына арналған сабақ сценарийінің жобасы.

