«СөзTIME» жобасының алғашқы кездесуі сәтті өтті
27 қараша күні мектебімізде ерекше атмосфера орнап, оқушыларымыздың қызықты баяндамалары мен шабыттандыратын әңгімелерімен бөліскен тамаша күн болды.
Спикерлеріміздің ерекше тақырыптары:
- Бектасов Саян - «ҰБТ: дайындығым қалай өтіп жатыр?»
- Амиров Дулат - «Мамандық таңдау: дұрыс шешім қабылдау жолдары»
- Қасым Мадина - «Мектеп өмірі: құндылығы мен ұмытылмас сәттері»
- Русланқызы Русалина - «Арман мен мақсат: жетістікке жету жолы»
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жаңа идеялармен шабыттанды. Іс-шара тек пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Ең ерекше сәттер біздің Instagram парақшамызда! Сізді жіберіп алмауға шақырамыз!