2024 жылдың 12 желтоқсан күні Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде әдістемелік айлық аясында “Сөз өнерінің сүлейі - Ғафу Қайырбеков” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Ақын шығармаларының қазіргі замандағы жастарға әсері мен маңызы, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мәселелері туралы ұстаздар өз ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында ұстаздардың шығармашылық белсенділіктері мен ғылыми зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды.
Конференция соңында мұғалімдерге ғылыми тұрғыда қорғаған еңбектері үшін арнайы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды. Осындай игілікті жұмыстар арқылы ұстаздарымыз әрдайым биік шыңдарды бағындыра берсін!