Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебімізде 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагогтерге арналған «Психикалық күйзеліс: ресурстарды іздеу» тақырыбында психологиялық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтерге психикалық күйзелістің пайда болу себептері, оның эмоционалдық жағдайға әсері және күйзелістің алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар «Өмір дөңгелегі» психологиялық техникасы қолданылып, педагогтер өз өмірінің маңызды салаларына талдау жасап, олардың арасындағы тепе-теңдікті бағалауға, ішкі ресурстарын анықтауға және жеке қажеттіліктеріне назар аударуға мүмкіндік алды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің психологиялық саулығын нығайту, кәсіби және эмоционалдық күйзелістің алдын алу, ішкі ресурстарын тиімді пайдалануға бағыттау және өзін-өзі қолдау дағдыларын дамыту.
Өзгеге қолдау көрсетіп, жылулық сыйлау үшін, ең алдымен, өзіміздің жан дүниемізге қамқорлық жасауды ұмытпайық!