Құрметті әріптестер!
Бүгінгі сәтті пайдаланып, Президент жолдауындағы басты бағыттарға тоқталғым келеді.
2020 жыл жахандық пандемия басталғалы бері әлем мемлекеттерінде экономикалық дағдарыс орын алуда. Көрші Ресей мен Украйнадағы соғыста еліміздің экономикасына өз әсерін тигізуде. Елімізде күрделі өзгерістер қажет. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қасымжомарт Кемелұлы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты жолдауын жолдады.
Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы өз сөзінде : «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз.» деп атап көрсетті. Жолдау 5 бағдарды қамтиды.
БІРІНШІ БАҒДАР: Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;
– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.
ЕКІНШІ БАҒДАР: Ең алдымен, жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету.
Геологиялық ақпарат туралы бірыңғай мәліметтер банкін құру.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.Әлеуметтік салаларға назар аударды.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру. Дәл осы тұсы ұнады. Кеңес Одағындағы жүйеден жүйелі шығу.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП деп аталды. Сонымен бірге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті.
Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек.
Президент жолдауын жеткізуші тарих пәнінің мұғалімі
Әлім Назгүл Әлібекқызы.
3.10.2022ж