6.01.2023.
Директордың оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы) түсіндіру жұмыстарын өткізді. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу шарттары, педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру, педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі,сараптама кеңесінің ұсынымдары, ПББ өткізу тәртібі, аттестациядан өту үшін қажетті құжаттардың тізімі берілді. Сонымен қатар Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы да талқыланды. Атестациядан өтетін мұғалімдер өздеріне түсініксз болған сұрақтарға толығымен жауап алды және портфолио дайындау жұмыстарын бастап кетті.