Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

27.10.2023. «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру арқылы оқушыларға сапалы білім беру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Жоспар бойынша 3-сыныптарда 3 сабақ жүргізілді және «Педагогикалық шеберлік алаңы» тақырыбымен мектептегі нәтижелі жобаларды директордың ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. «Атажұрт – білімділер мекені», «ТЕД конференция», «Үндестік», «Ғафу оқулары» таныстырды, мектеп психологы Алимова М.Б. тарапынан психологиялық тренингтер өткізді. Ғ. Қайырбековтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Музей» технологиясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маткеева Ұ.Қ. басқаруымен мұражай таныстырылды. Сабақ – бұл оқыту үдерісінің ең басты, ең маңызды бөлігі. Қандай әдіс-тәсіл үйренсек те оның іске асатын табысты болатын соңғы нүктесі – сабақ. 3 «А» сыныбындағы қазақ тілінен Х, һ дыбыстары тақырыбында жаңа сабақ өткізілді. Топқа бөлгенде «Таңдау» әдісі арқылы хат, хан, қаһарман, жиһаз суреттері таңдалып отырды. Білім ленд онлайн платформасы, «Сұрақтар ілмегі», «Ой қозғау» , «Көркем жазу» стратегиясы , «Ойлан, жұптас, талқыла», «Мюнстерберг » әдістері арқылы сөздерді теріп жазу, сөздердің мағынасын ашу жұмыстары атқарылды. Мәтінді оқып талдау «Төңкерілген мәтін» әдісі арқылы тиімді жүргізілді. Шығармашылық жұмыста «Үштік» әдісі, топпен жұмыста 1-топ «Сиқырлы жәшікке» хаттарды таңдаса, 2-топ хабарлама дайындау, 3-топ мозайка құрап шыққан суреттеріне сөйлем құрастырды. Сабақ «Пошта жәшігіне хат салу» әдісі арқылы қорытындыланды. 3 «Ә» сыныбында математика сабағында Үш таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу тақырыбын пысықтау болды. Білім алушылардың ойлау қабілетін,мотивациясын арттыру мақсатында нейрожаттығулар орындалды, сабаққа қызығушылығын көтеру, өткен тақырыптарды бекіту мақсатында «Желпеуіш» әдісі, Wordwall интерактивтік жаттығулар сервисі арқылы «Жалған», «Ақиқат» ойыны жүргізілді. 3 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу сабағында «Алтын сөз» тақырыбы қамтылып, мозайка, коллаж, шеринг әдістері тиімді қолданылды.

Сабақты қызықты, тиімді өткізіп тәжірибелерін таратқаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері Ермаганбетова Г.К., Баймухамбетова Ж.К., Оразмагамбетова А.Ж. сертификат табысталды.