Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Осы аптада ҚӨУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің педагогтары Қостанай қаласының оқушылары және ата-аналарымен мазмұнды кездесулер өткізді @fsgn_kru_baitursynuly

Қостанай қаласындағы Ғ. Қайырбеков атындағы №9 мектептің және Білім-инновациялық лицейінің, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларымен филология және практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары жүздесті.
Ал облыс орталығындағы №1 мектеп-лицейде өткен ата-аналар жиналысы аясында кәсіптік бағдар беру мақсатында ата-аналармен арнайы әңгіме жүргізілді.

Кездесу барысында педагогтарымыз білім беру гранттары мен ақылы оқу түрлері, спорттық үйірмелердің жұмысы, өнер студияларында шығармашылық қабілеттерді дамыту мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Әрине, филологиялық бағыттағы мамандықтардың артықшылықтары мен болашақтағы кәсіби мүмкіндіктері де назардан тыс қалмады.
Болашақ филологтарды ҚӨУ-де асыға күтеміз!

Оқуға түсуге қатысты барлық ақпаратты ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНЕН білуге болады:
+7-775-155-04-00