Орыс тілі апталығы аясындағы ашық сабақ! 3 "Ә" сыныбында орыс тілі пәнінің мұғалімі Айсина Н.Г. мазмұны терең, қызықты әрі интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар:
- жаңа білімді шығармашылық тапсырмалар арқылы бекітті;
- топпен және жеке жұмыс істеді;
- тіл байлығын дамытып, өз ойларын еркін жеткізуге машықтанды.
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды - бұл ұстаз еңбегінің нәтижесі!

