"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандардың арасында азаматтық-құқықтық сана қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Облыстық СПИД орталығының профилактикалық бөлім маманы Серік Умуртаевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу және құқықтық жауапкершілікті сезіну туралы маңызды ақпараттар берілді.
Маман жастарды өз денсаулығына, өмірлік таңдауына және қоғам алдындағы жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарауға шақырды.

