Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына арналған іс-шаралар облыстық «АТАЖҰРТ – БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ» » этногеографиялық интеллектуалды конкурсынан бастау алды. Конкурстың мақсаты - Ғ. Қайырбековтың шығармашылығын насихаттау, білім алушыларды ұлттық құндылықтар, туған жер табиғатын, тарихын, байлығын оқып-білуге тәрбиелеу, зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту. Облыстық байқауға қаладағы қазақ мектептерінен 7, облыстан 19 мектеп командасы қатысты. Қала мектептері: №9 жббм, №10 жббм, №115жббм, №17жббм, №24МГ, Әлихан Бөкейхан атындағы жббм, Абай атындағы жббм, облыс мектептерінен «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы»КММ , . «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ, Лисаков қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін мектебі» КММ, Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, ҚОӘББ «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Садчиков жалпы білім беретін мектебі» КММ, Алтынсарин ЖББМ, Бейімбет Майлин ауданы, «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай әкімдігі білім басқармасы "Денисов ауданы білім бөлімі «№3 Денисов жалпы білім беретін мектебі" КММ, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Мелісай ауылы, «С. Мауленов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мухамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ, «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебі», Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарасу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі” КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Үшқарасу негізгі орта мектебі» КММ, «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебі» КММ қатысты.Конкурсты осы жобаның авторы Ергалиева Ментай Амановна жүргізді. Конкурс бастауыш сынып оқушыларының 4-сыныбына арналған. Конкурс 4 кезеңді қамтыды. Бірінші кезең «Ғафу шығармашылығы» деп аталып, Ғафудың өлеңдері мәнерлеп оқылды. Келесі кезеңдер «Өткел», «Жерұйық», «Белес» деп аталып, оқушылар ұлттық-салт дәстүр, ұлттық ойындар, мемлекеттік рәміздер, Қазақстанда өндірілетін пайдалы-қазбалар, Қазақстанда болып жатқан тарихи оқиғалар, жергілікті ақын- жазушылардың өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Әрине конкурс болғандықтан оған қазылық жасайтын әділ-қазылар бекітілді. Муканова Бибигуль Серикбаевна - Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері. Маженова Ляззат Төлендіқызы - Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері. Жумагулова Жанар Дүйсембаевна Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері.
Бас жүлде: Ғапарғали Нұрмұхаммед, Шәкіржан Айару Ришатқызы.
Жетекшісі Султанова Асылай Галымовна.
1-орын: Ғалымжан Айсұлтан, Талғат Нұрай.
Жетекшісі Ибраева Жадыра Болатбековна, Рахметова Кульпара Мырзабаевна.
2-орын: Хозедияс Зере, Әнкей Әділ
Жетекшісі:Калькеева Алтынай Ташбаевна
2-орын: Теңіз Санжар, Сәндібек Ұлжан. Жетекшісі: Калиева Сәрсенкүл
3-орын: Ертанова Даяна, Сапабек Дильназ. Жетекшісі: Сактабергенова Айнур Серикболатовна
3-орын: Төретай Дария, Тулебаева Аина Жетекшісі: Дуненбаева Ботагоз Каратаевна
3-орын: Шәріп Рахымжан, Давыл Тамерлан Жетекшісі: Балесова Замзагул Аскаровна
20 қазан күні Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған “Ғафу оқулары” байқауы ұйымдастырылды. Байқау үш түрлі номинациямен өткізілді. Байқауға барлық қатысушылар сахна әдебі, киім үлгісі, сөйлеу мәнері, өлең санына қарай бағаланып, әділқазылардың шешімімен: “Сағынышқа қолыңды бер, Қостанай” номинациясы бойынша 1-орын алғандар: Сырбай Мәуленов атындағы мектеп- гимназиясының оқушысы Балғина Амина , №115 ЖББМ оқушысы Тынбай Айжан;
2-орын алғандар: № 11 ЖББМ Сагадиева Жанбике, Максим Горький атындағы гимназиясының оқушысы Галиханова Инкара;
3-орын алғандар: № 17 ЖББМ оқушысы Култанова Алина, № 20 ЖББМ оқушысы Самат Жанерке, № 25 ЖББМ Тулегенова Дильноз иеленді.
“ Өлеңге жібермеген, сірә, хақын” номинациясы бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Нағашыбай Инабат II орын, № 17 ЖББМ оқушысы Ескермес Ақнұр III орын, Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Қыдырбекқызы Аизия III орын иеленді.
“Кеудеден әдемі әуен, үн шығарып” номинациясы бойынша 1-орын алғандар: Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ оқушысы Садвакасова Алтынай, Абай атындағы ЖББМ оқушысы Қабиболла Әлихан, Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Марал Әдия, №115 ЖББМ оқушысы Жанали Қабжәлел; 2-орын алғандар: №21 ЖББМ оқушысы Стыбаева Аяжан, №17 ЖББМ Ташмаганбетова Нуралы, Физика-математикалық лицейдің оқушысы Абишова А; 3-орын алғандар: №5 ЖББМ оқушысы Бурда Матвей Валентинович, №19 ЖББМ оқушысы Кусман Мирас иеленді
«Айдыны кең арқалы ақын- Ғафу Қайырбеков» атты әдеби кеші өткізілді. Ғафу атамыздың көзін көрген замандастары, ізінен ерген нар тұлғалы азаматтар келіп, өз естеліктерімен бөлісті және ғибратты әңгімелерін айтты.
Иманкулов Ермек Аскарович – Қостанай қалалық білім бөлімінің Рухани жаңғыру бағдарламасының жүргізуші әдіскері.
Шипин Мухаметкали Мырзагалиевич- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Заңғар Санайұлы Санай -“Астана” телеарнасының Қостанайдағы тілшісі,“Халықаралық”Қазақ тілі”қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Құрмет орденінің иегері. Какимжанова Кабира Кәкімжанқызы- ҚР Білім беру ісінің үздігі. Молдахметов Мұрат Беғалиұлы – Ғ.Қайырбековтың інісі, ҚР Ақпарат және байланыс саласының ардагері.
Әдеби кеште ақын өлеңдерін мектеп оқушылары жатқа айтты, сонымен бірге мектебіміздің жас ақындары жырдан шашу шашты, әндері әуелете шырқалды. Әдеби кештің жүргізушісі Назгүл Әлібекқызы, Ғафу Қайырбекұлының алтын қорда сақталған, өлеңдері мен әсерлі әңгімелерін көрсете отырып, кешті әсерлі жүргізе білді, барлық қатысушылар көңілінен шықты.
Республикалық тедконференцияның қорытындысы туралы
20.10.2023ж.
Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына арналған республикалық онлайн-оффлайн форматта тедконференция өткізілді. Республикалық тедконференцияның ұйымдастырушысы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. Конференцияға қала мектептерінен 3 МГ, 7 ЖББМ, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ , 10 ЖББМ, 15 ЖББМ, 17 жббм, 19 ЖББМ, 20 ЖББМ, 21 ЖББМ, 24 МГ, 28 МГ, С. Мауленов гимназиясы, , Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі, облыстан Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы Қарасу ауданы, «Ключевой жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қарасу ауданы білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жалпы білім беретін мектебі, «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 18 мектеп-гимназиясы» , Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі, Республикадан Қарағанды облысы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы»КММ, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектебі, Астана қаласы Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп- гимназиясы қатысты. Барлығы тедконференцияға қала, облыс, республикадан 50 мұғалім қатынасты. Конференция 4 секцияға бөлінді. Үздік иделарымен бөліскен, креативті ойларын ұсына білген, импровизация жасап, әртістік қабілетін көрсете білген, педагогикалық тәжірибесін сәтті тарата білген педагогтарды атап өткіміз келеді. Саменова Асем Кылышпаевна, Жақсыбай Ерсұлтан Махмутұлы, Абибуллаева Карлыгаш Сулейменовна, Скендирова Гүлбейне Айтбаевна, Арыстан Нұралы Нұрланұлы, Тоболов Алмас Тлегенович, Еримбетова Гульназира Тасмаханбетовна, Карбозова Сайранкуль Туяковна, Сергазина Зинегуль Джумадиловна. Конференцияның мақсаты Ғафу Қайырбековтың 95-жылдығын атап өту, шығармашылығын насихаттау, қалың көпшілікке қызықты идеяларды жеткізіп тарату, ұсыну, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру болса ол мақсат орындалды деп айтуға болады. Конференцияға қатысқан мұғалімдердің ойынша осындай жаңа форматтағы, заманауи іс-шаралар көбінен болса нұр үстіне нұр болар еді.
9 айда — 9 іс-шара жобасына сәйкес сағат 12:00-де мектебімізде Мемлекеттік Әнұран орындалады.