Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

📍5 - 6 - 7 сынып оқушыларына арналған
«Өнер әлемі - мәңгі жастық әлемі» атты би байқауы өтеді!
Өтетін күні: 31.01.2025
Өтетін уақыты:12:00
Өтетін орны: Акт залы

📍Қатысу шарттары:
• Қатысушылар топ болып қатыса алады (топтық қатысуға 4 - 10 адамға дейін рұқсат беріледі).
• Би жанры бойынша шектеу жоқ, бірақ ұлттық би, халықтық, классикалық немесе заманауи би стилінде орындалуы тиіс.
• Би орындаушылардың киімі сахналық мәдениетке сай болуы керек. Ұлттық киімдер немесе заманауи стильде би киімдері қолданылуы мүмкін.
📍Өнер көрсету талаптары:
• Әр қатысушының немесе топтың қойылымы 5 минуттан аспауы қажет.
• Қойылымның музыкалық шығармасы байқау шартымен сәйкес болуы керек.
• Қатысушылар орындау барысында сахна мәдениетін сақтау, кәсіби деңгейде өнер көрсету қажет.
📍Бағалау жүйесі:
Қазылар алқасы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
• Креативтілік және идея
• Киім мен сахна мәдениеті
• Қатысушылар өзін-өзі көрсетуі, сахнадағы қарым-қатынас
• Ұжымдық үйлесімділік (топ үшін)