Narxoz University өкілдерімен кездесу
Мектебімізге Narxoz University университетінің өкілдері келіп, 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар оқу орындары, білім беру бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық және студенттік өмір туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандық таңдау бойынша маңызды кеңестер берілді.
Осындай кездесулер оқушылардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына үлкен мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасады.

