МИФ апталығы аясында «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты өткізген:жас маман Танырбердиев С.Ж. Сабақ барысында оқушылар графиктер арқылы әртүрлі процестердің өзара байланысын талдап, теорияны тәжірибемен ұштастырды. Сонымен қатар, заманауи технологиялар қолданылып, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы мәліметтерді талдау мен визуализация жасау жүзеге асырылды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

