«21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті!
9-10 сынып оқушылары арасында өткен бұл білім сайысы – ой ұшқырлығы мен білім деңгейін сынайтын ерекше алаң болды. Қатысушылар «Бәйге», «Дода», «Жорға» кезеңдерінде өз білімдерін дәлелдеп, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті.
Әр кезең тартысты да қызықты өтті!
Үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Осындай зияткерлік ойындар оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз!

