2022-2023 оқу жылындағы “Үндестік” облыстық жобасын жүзеге асыру аясында мектебімізде 3-сыныптар арасында әкелердің қатысуымен “Мен әкеммен мақтанамын!” атты отбасылық сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту.Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту,үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Әр сыныптан 1 әкеден және 1 баладан қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
1. «Сөз мерген»- мақалдар сайысы
2. «Кім жылдам?» - қызықты сұрақтар сайысы
3. «Шынықсын денеміз» - көңілді жарыс
4. «Тосың сый»-үй тапсырмасы
5. «Менің әкем ең мықты» - қол күрес
6. «Қолөнер» - аппликация жасау
Қорыта келгенде:
Бас жүлде иегері 3 «А» сыныбы, Кенжетай Асылан Бақытбекұлы және Бақытбек Айсұлу Асыланқызы.
1 орын – 3 «В» сыныбы, Какимбеков Нурболат Сагидуллинович және Какимбеков Куаныш Нурболатович.
2 орын – 3 «Ә» сыныбы, Ахмет Қуаныш Мырзагалиевич және Ахмет Мансұр Қуанышұлы.
3 орын- 3 «Б» сыныбы, Хажмуратов Азамат Жаксылыкович және Жаксылыков Чингиз Азаматович.
Барлық қатысушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!