1.03.2024 жыл Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай - ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, көзқарастар жатады. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мен қазақпын» жобасы бүгіннен бастау алды. Жобаның негізгі мақсаты - ұмыт қалған ұлттық салт - дәстүрді жаңарту, ескі халық әндерін айту, әр оқушының бойына ұлтына, еліне деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Балаларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұматтар беріп, рухани адамгершілік-қасиеттерін дамыту. Тарихын сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту, таныстыру, ұжым арасындағы сыйластықты, ұйымшылдықты, бірлікті арттыру болып отыр. Осы орайда ең алғашқы іс - шара «Еркем-ай» халық әнін шырқаудан басталды. 1 - 4 бастауыш сынып оқушылары, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері бір мезетте жиылып халық әнін ұйымшылдықпен, үлкен сезіммен шырқап шықты. Және де бүгінгі іс - шара Алғыс айту күнімен сәйкес келді. Алғыс айту күні құтты, берекелі болсын!