Мектебімізде 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай 1-сынып оқушыларының эмоционалдық саулығын нығайту мақсатында «Эмоциялар әлемі» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар эмоциялардың түрлерімен танысып, өз сезімдерін тануға, түсінуге және дұрыс жеткізуге бағытталған қызықты ойындар мен психологиялық жаттығуларға қатысты. Сонымен қатар, жағымды көңіл күй қалыптастыру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамыту, өз эмоцияларын түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыру, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Әрбір эмоция маңызды! Өз сезімдерін түсіне білген бала өзгелердің де көңіл күйін сезініп, айналасымен үйлесімді қарым-қатынас орната алады.