Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде №34217 болып тіркелді.) сәйкес «педагог-зерттеуші» санатына облыстық оқу-әдістемелік кеңестен өткен бастауыш сынып мұғалімдері Баймухамбетова Ж.К. “Оқу сауаттылығы 2-сынып оқушыларына арналған әдебиеттік оқу пәнінен жұмыс дәптері, облыстық оқу-әдістемелік кеңестің №3 хаттамасы, 10.05.2024жыл, Макенова Б.Н., Сакаева Д.Е. математикадан оқу-әдістемелік кешен бойынша әдістемелік ұсынымдар «Жазбаша көбейту, бөлу» облыстық оқу-әдістемелік кеңестің №5 хаттамасы 19.05.2023жылы қорғалған авторлық жұмыстары негізінде Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді аудандарына инновациялық педагогикалық тәжірибелерін жалпылап таратты. Аталған бұйрықтың 3-параграф, 4-тарау, 62 тармағына сәйкес Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі бойынша республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені тарату негізге алынды.