«Мектепке дейінгі сыныптардағы өнімді іс - әрекеттің үдерісі мен нәтижесіне қызығушылықты арттыру үшін ойындық оқу әрекеттерін пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Мақсаты: мектепалды сыныптардағы тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтар негізінде оқыту, тәрбиелеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру болды. Бағдарламаға сәйкес мектепалды сынып тәрбиешісі Ергалиева Г.М. «1-мен 5-ке дейінгі сандар» тақырыбында математикадан қызықты сабақ өткізсе, мектепалды сынып тәрбиешісі Жилкайдарова Г.М. «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар №20жббм мектепалды сынып тәрбиешісі Истаева З. Б. «Дамытушы ойындар арқылы балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру» тақырыбы аясында тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында мектеп психологы Алимова М.Б. «Мен ғажайыппын» психологиялық тренингін, қалалық мектепалды сыныптары тәрбиешілерінің әдістемелік жетекшісі Нагимова А. А.қорытынды-рефлексия жасады. Семинарға қала мектептері мен бөбекжайларынан 18 мұғалім қатысып, оң пікірлерін жеткізді.