Мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтау, тәртіпті және жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.
Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беру ортақ міндет деп санаймыз.


