18 балабақшаның тәрбиеленушілері келіп, мектебімізге экскурсия жасады. Балаларға сабақтардан үзінділер көрсетіліп, мектеп өмірімен таныстырылды. Олар сынып бөлмелерін аралап, оқушылардың оқу үдерісін қызығушылықпен тамашалады. Экскурсия барысында бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл күйде болып, мектеп туралы жағымды әсер алды.

