Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебімізде 7 - сыныптар арасында әкелер күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс - шара өтті. Мақсаты - оқушылар мен олардың әкелері арасындағы қарым - қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды.
Іс - шара барысында әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әкелер мен балалар өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Командалық ойындар, эстафеталық жарыстар және күш сынасу сайыстары қатысушылардың белсенділігін арттырып, мерекелік көңіл - күй сыйлады.
Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Әкелер мен балалардың бірге өткізген уақыты олардың арасындағы сыйластық пен түсіністікті одан әрі тереңдете түсті.